Қош келдіңіз

ORC.kz

Әрбір фермер өз өнімі үшін жақсы баға табуға тырысады.

ORC.KZ – бір ғаламтор кеңістігінде ауылшаруашылық өнімінің өндірушілерінің және жеткізушілерінің едәуір көп санын біріктірудің жолдарын іздеу және сатып алушыларға көтерме-таратушы орталықтардың негізінде жергілікті өндіріс тауарларынын сатып алудың барлық артықшылдықтарын көрсету үшін бірегей қазақстандық платформа, бұл B2B жүйесінде электрондық коммерцияның осыған ұқсас бірінші құрал болып келеді.

Бұлар Түркістан облысының жеміс өндірушілері де, Алматының сүт компаниясы да, Қостанайдың ұн тартатын комбинаты да және Ақтаудағы балық фермасы да болуы мүмкін.

Біздің жобамыздың мақсаттары – отандық ауылшаруашылық өндірушісін өз тауарларын Қазақстан Республикасының және шетелдің аумағында өткізуінде қолдау көрсету, сонымен қатар еліміздің халқын аграрийлер, фермерлер мен тікелей тұтынушының арасындағы «керексіз» делдалдардың қатарын жоққа шығару арқылы қымбат емес азық-түлікпен қамтамасыз етудің механизмдерін іс жүзінде ендіру.

Біз не ұсынамыз?

Сатушы мен өндірушілерді біріктіру мүмкіндігі

Тікелей сауда-саттықты қалыптастыруды қамтамасыз ету

Нарықтағы өнім сапасын қадағалау

Сауданы қолжетімді және жылдам жасау

Платформаның мүмкіндіктері

Мемлекет үшін:

  • Мемлекеттік азық-түлік қорына қолдау көрсету;
  • Нарықтың айқындылығы;
  • Бағалардың көтерілуіне жол бермеу;
  • Ресми есептілік;
  • Шынайы аналитика және т.с.с.

Нарық қатысушылары үшін:

  • Делдалдар санын азайту;
  • Қосалқы сервистердің консолидациясы (сақтау, логистика, тәуекелдерді сақтандыру, саудалық қаржыландыру және т.с.с.);
  • Тапсырысты келесі маусымға орналастыру (алдын ала тапсырыс);
  • Өнімнің бұзылуына жол бермеу;
  • Платформаның 24/7 режимінде, жылына 365 күн қызмет етуі.

     Біз, біздің  ORC.KZ электрондық сауда алаңы өзіне Қазақстанның барлық өңірлерінде құрылған көтерме-таратушы орталықтарын қосатын Ұлттық тауар өткізуші жүйенің қызметін ілгері жылжытуға қосымша импульс береді деп сенеміз.

     Сіздердің мүдделеріңіз –  өз тауарыңыздың жарнамасы бойынша да, оны бірегей ғаламтор платформасының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы сату бойынша да қосымша мүмкіндіктер алу.

Көрсетілетін қызметтердің тізімі

Негізгі қызметтер

  1. ORC.KZ платформасында жеке кабинетті ашу;
  2. Клиент-өндірушінің өнімі және тауары бойынша ақпаратты көрсету (фото, бағасы, көлемі және т.с.с.);
  3. Сайт бойынша ақпараттық, тәжірибелік және техникалық қолдау;
  4. Түрлі сауда-ақпараттық ресурстарда клиент-өндірушінің өніміне және тауарына жарнама жасау және жылжыту;
  5. Клиент-өндірушінің өнімін және тауарын сату.

Қосымша қызметтер

  1. Көтерме-таратушы орталықтардың (КТО) қызметтерін және мүмкіндіктерін пайдалану;
  2. Тауарларды және өнімдерді сақтандыру;
  3. Көліктік логистика;
  4. Алдыңғы халықаралық қаржылық ұйымдардан саудалық қаржыландыру;
  5. Сайт бойынша жеке менеджер (аналитика, нарық мониторингі, тауарды нарықта жылжыту және т.с.с.).